"Төлегенім алыс жолға кетті, Бекежаным да алыс жолға түсті": Меруерт Өтекешова аңыз адаммен қоштасу рәсімінде сөз сөйледі
"Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды".
Алматыда өтіп жатқан Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімінде «Қыз Жібек» фильмінде Жібек рөлін сомдап, Асанәлі Әшімовпен бір кинода өнер көрсеткен танымал актриса Меруерт Өтекешова сөз сөйледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Todayinfo.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Актриса бұл театр үшін үлкен қайғы екенін атап өтіп, өзінің қимастығын ерекше сөздермен жеткізді.