Семей, Қонаев, Ақтөбе қалаларында жаңа драма театрлары бой көтереді
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі айтты.
Елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ұйымында 58 мыңнан астам маман қызмет етіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мәдениеттің дамуы ең алдымен инфрақұрылымнан басталған.
Сонымен қатар министр Мемлекет басшысы өңірлік театрды дамытуды ерекше атағанын сөз етіп, осыған байланысты мәдени нысандардың қолға алынғанын айтты.