Ақ үйден Ақордаға: Трамп Мемлекет басшысына бірнеше сыйлық жолдады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше сыйлық жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Оның айтуынша, сыйлықтар АҚШ президентінің Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовпен кездесуі барысында берілген. Әңгіме елшінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен.
Кездесу кезінде Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен қараша айындағы Ақ үйдегі жүздесуін жылы еске алып, Қазақстан президентіне жеке ықыласын білдірген.
Сондай-ақ Дональд Трамп Қазақстан президентіне символдық мәні бар Ақ үйдің кілтін және өз қолтаңбасы қойылған бейсболка сыйлаған.