Руханият

Алаш жұрты Асанәлісімен қоштасып жатыр

Қазақ өнерінің абызы 2025 жылы 21 желтоқсанда 88 жасында дүниеден өтті.

Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ театры мен кинoсының аңызы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

Ол көрерменге кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі») және өзге де рөлдерімен таныс. 

Ол режиссер ретінде де (Н.Гогольдің «Ревизор», Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И. Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?!» және тағы басқа) кеңінен танылған.

Ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Абайында» - Керім рөлін, «Еңлік-Кебегінде» - Кебекті, «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Айшуақты, «Таңғы жаңғырығында» - Жарасбайды, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Қодарды және өзге де ірі кейіпкерлерді сомдаған.

Қазақ өнерінің абызы 2025 жылы 21 желтоқсанда 88 жасында дүниеден өтті.