дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 22:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тіс емдетем деп көз жұмған: үш жасар қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Тіс емдетем деп көз жұмған: үш жасар қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты
фото скрин
Іс бойынша айыпталушы ретінде дәрігер-анестезиолог Аида Жұмағалиева танылды.

Астанада тісін емдету кезінде наркоздан оянбай қалған үш жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Іс бойынша айыпталушы ретінде дәрігер-анестезиолог Аида Жұмағалиева танылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі – «Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет» бойынша кінәлі деп тапты.

Сот шешімімен Аида Жұмағалиева 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Алайда амнистия туралы заңға сәйкес ол негізгі жазасын өтеуден босатылды.

Судьяның айтуынша, үкім заңды күшіне енгеннен кейін Жұмағалиева тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне есепке тұруы тиіс. Ал оған қатысты қолданылған процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі үкім күшіне енген соң күшін жояды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 қазанда Астанадағы жеке клиникалардың бірінде болған. Үш жасар қыз тісін емдету үшін жалпы наркозға алынған, алайда процедурадан кейін есін жимай, көз жұмған. Баланың әкесі сотта тіс емдеу жұмысы үш жарым сағаттан астам уақытқа созылғанын және бір мезетте 18 тісіне ем жүргізілгенін айтқан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар