Актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті
Мұрат Бисембин соңғы бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күресіп келеді.
Актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның қызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің ауруханада жатқан суретін жариялады. Қазір актер дәрігерлердің бақылауында.
Бірнеше күн бұрын қызы Instagram парақшасында былай жазды:
Мұрат Бисембин соңғы бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күресіп келеді. Соңғы кездері оның жағдайы нашарлап, жедел түрде иммунотерапияға мұқтаж болған. Бұл ем өте қымбат, сондықтан әріптестері қазір әлеуметтік желілерде жылу жинай бастады.
Айта кетейік, «Рэкетир» фильмінен кейін Мұрат Бисембин бірден танылып, «Махамбеттің қылышы» мен «Гүл сатушы» фильмдеріне түсті. Мұрат Бисембин тек актер ғана емес, «Хабар» телеарнасында бағдарлама жүргізушісі болған. Кейін комедиялық жанрда түсірілген «Брат или брак» фильмінен кейін де оның танымалдылығы арта түсті. Ол 2019 жылғы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде Тұмар ханшаның әкесінің рөлін сомдады.