Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады
Асқар тауымыз едің – аласармадың...
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Асқар тауымыз едің – аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын – арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың – Мен кештім... Биіктігіңе пара-пар, Пенделігіңді көрдім – Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сары уайым – Сағынышқа айналдың...
Қош... Бақыл бол...», – деп жазды Т. Жаманқұлов.