Қоғам

Сарбаздар құтқару жұмыстарына белсенді қатысып жатыр

Қазақстан Қарулы күштерінің сарбаздары Қостанай, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жергілікті халыққа көмектесіп жатыр. Қазақстан Қарулы күштері су тасқынымен күресуге қосымша күш-құралдар бөлді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі тасқынмен күресуге қосымша әскери құрамалар жіберді. Атап айтқанда әскери инженерлері Ақтөбе облысы Ойыл өзені арқылы адамдарды, жануарларды, гуманитарлық жүктерді және техниканы тасымалдау үшін паром өткелін жабдықтады. 60 тоннаға дейін жүк көтере алатын өткелді Қонаев гарнизонының инженерлік-саперлік полкінің мамандары қамтамасыз етеді.

Ал Атырау облысының Құлсары қаласы мен Қарабау елді мекеніндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға "Батыс"өңірлік қолбасшылығы 41433 әскери бөлімінің 115 әскери қызметшісі тартылды

3200-ден астам қап құм дайындалды. Көмек көрсету әлі де жалғасуда.

Теңіз жаяу әскері бригадасының 60 әскери қызметшісі Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберуге жұмылдырылды. Олардың көмегімен 3000-нан астам жастық, көрпе, төсек жаймасы мен матрас бар 5 контейнер жіберілді.

Жалпы тасқын басталғалы бері армия зардап шеккендерге үздіксіз көмек көрсетіп жатвр.

Әскери ұшқыштар 2 мыңнан аса адамды эвакуациялап, 66 тонна гуманитарлық жүк тасымалдады

Бір ғана 5 сәуірдің өзінде апатттан құтқару шараларына Қарулы күштердің 450 әскери қызметшісі, 23 бірлік көлік техникасы, төрт тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.