Спорт

Жәнібек Әлімханұлын үздік боксшылар рейтингінен алып тастады

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінде көш бастап, бірінші орында тұрған болатын.

Әлемге танымал Ring Magazine журналы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын үздік боксшылар рейтингінен шығарып тастады, деп хабарлайды OImaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Басылым бұл шешімін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында түсіндірді. Журнал мәліметінше, қазақстандық боксшы допинг сынағынан өте алмаған соң рейтингтегі орны қайта қаралған.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінде көш бастап, бірінші орында тұрған болатын.

Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының екінші допинг-сынамасын ресми түрде ашу қашан өтетінін жазған едік.