Саясат

Президент екі бірдей заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев екі бірдей Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.