"Анашым, бұл жеңіс сіз үшін": Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды
Ақтық сында қазақстандық боксшы ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездестін
Сәкен Бибосынов әлем біріншілігінде 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Ақтық сында қазақстандық боксшы ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі. 1992 жылы дүниеге келген былғары қолғап шебері 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола алса, әлем чемпионатында 2021 жылы – алтын, 2019 жылы – қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, Азия чемпионатында күміс 2022 және қола 2021 жүлдегер атанды.