сейсенбі, 9 желтоқсан, 2025 13:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында бұрынғы бас дәрігер алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді

Түркістан облысында бұрынғы  бас дәрігер алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді
freepik
Тергеу жалғасып жатыр.

Түркістан облысында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мемлекеттік сатып алудағы алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Тергеу деректеріне сәйкес, ол медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды бөлшектеп сатып алып, құжаттарда олардың құнын бірнеше есе арттырып көрсеткен. Сатып алу рәсімдері жалған компаниялар арқылы жүргізілген.

Агенттік мәліметінше, бас дәрігермен байланысы бар тұлғалардың фирмалары іс жүзінде басқа жеткізушіден арзанырақ бағамен алынған құралдарды құжат жүзінде қымбатқа рәсімдеген. Бюджеттен бөлінген қаржы осы компаниялардың шоттарына түсіп, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлініп отырған.

Мемлекетке келтірілген шығын 115 млн теңге деп бағаланған. Тергеу барысында күдіктінің серіктесі Астанадан пәтер сатып алғаны анықталып, аталған жылжымайтын мүлік тәркіленді.

Бұрынғы бас дәрігерге бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған. Ал оған көмектескен күдікті әйел үйқамаққа алынған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар