Руханият

Діни басқарма Ораза айт намазының кестесін жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазын оқу кестесін жариялады.

Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 7.00-де, ал Алматы қаласында сағат таңғы 6.30-да оқылады. 

Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.