сейсенбі, 9 желтоқсан, 2025 11:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Sputnik / Максим Блинов
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдеді.

Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі алдында және мереке күндері қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қосымша құрамдар шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша рейстер келесі бағыттарда ұйымдастырылады:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
– Алматыдан жөнелту: 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2, 4 қаңтар.
– Астанадан жөнелту: 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан, 3 және 5 қаңтар.

• №203/204 «Астана (Нұрлы жол) – Шымкент»
– Астанадан жөнелту: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2 қаңтар.
– Шымкенттен жөнелту: 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 4 қаңтар.

• №257/258 «Ақтөбе – Астана (Нұрлы жол)»
– Ақтөбеден жөнелту: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2 қаңтар.
– Астанадан жөнелту: 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 4 қаңтар.

Пойыздарға купе және плацкарт вагондары қосылады. Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттардағы тұрақты пойыздарға қосымша вагон тіркеліп, 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.

Компания жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуға кеңес берді.

«Жаңа жыл мерекесі кезінде сұраныс әрдайым жоғары. Егер билет сатып алу кезінде орын болмаған жағдайда жолаушылар тегін “Кезек күтушілер тізімі” қызметін пайдалана алады», – деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы».

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар