Кедейлікті бағалаудың тәжірибелері талқыланды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінде ғылым онкүндігі аясында «Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік саясаттың оңтайлы моделін әзірлеу және оны сарапшылық қоғамдастықта сынау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жиынға шетелдік сарапшылар, кафедра мүшелері, ұлттық академиялық сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ жас зерттеушілер қатысты.
Басқосуда халықтың әл-ауқаты мен кедейлік деңгейін бағалаудың, кедейлікпен күрестің, әл-ауқатты арттырудың отандық және шетелдік тәжірибелері талқыланды.
Атап айтсақ, әлеуметтану магистрі А.Айқынбайқызы Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік саясатқа талдау жасай келе, кей мемлекеттердегі кедейлік себептеріне тоқталды.