Құлсары қаласында үйлер құлап жатыр
Қарғын су Атырау облысын да әлекке салып тұр. Бүгін су Құлсары қаласына да жетіп, елдімекен көшелерін басып қалды.
Orda телеграм арнасының жазуына қарағанда Құлсарыда үйлер құлай бастаған. Су басып қалған ғимараттар саны 50 ден асып кетіпті. Су Құлсары қаласы мен Жылыой ауданы аумақтарына жайылған. Тұрғындардың қолдан тұрғызған бөгеті де суды бөгей алмаған көрінеді. Қаланың кебйір шағын аудандарында электр қуаты да жоқ деген ақпарат тарады. Тұрғындар өз күштерімен су басқан аймақтан шығып кетуге тырысып жатыр.