Әскери қызметші мен оның баласы Алматы облысындағы шекара заставасында өртте қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында қызметтік үй өртеніп, әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.
"2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы" Нарынқол " шекара заставасының аумағында қызметтік үй өртенді. Өрт ТЖД күштерімен жойылды. Төтенше жағдай кезінде әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің хабарламасында.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған әкенің ісі бойынша үкім шықты
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2025





