Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған әкенің ісі бойынша үкім шықты
- авторОймақ
- Бүгін, 12:43
- 12
Оқиға 2025 жылдың тамызында болған. Талас ауданында екі жасөспірім жергілікті тұрғындардан көмек сұрап, өгей әкелерінің ұрып-соғу, телефондары мен жеке заттарын тартып алу, мал бақтыру сияқты әрекеттерге мәжбүрлегенін айтқан. Балалардың айтуынша, ер адам оларды қорқытып, қоғамнан оқшаулаған және тамақтан шектеген. Олардың еңбегінен түскен табысты өз қажетіне жаратқан.
Балалардың анасы күйеуін қорғап, оларды жала жапты деп мәлімдегенімен, кейін жасөспірімдер Тараз қаласындағы қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Тергеу нәтижесінде ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Талас аудандық соты 2019–2025 жылдар аралығында үш кәмелетке толмағанға азаптау көрсетілгенін анықтады. Сот материалдарын зерттей отырып, судья айыпталушының әрекетінде жеңілдететін мән-жайлар жоқ екенін атап өтті. Ол ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды азаптау") бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда "Елге көмек" қорының басшысы, "қазақ Робин Гуды" атанған Ілияс Сәриев бірнеше мәрте алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 8 айға сотталған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Арнайы жасақ жауынгерлері Алматыда пышақ ұстаған ер адамды құтқарды
- авторОймақ
- 3 желтоқсан, 2025





