Арнайы жасақ жауынгерлері Алматыда пышақ ұстаған ер адамды құтқарды
Оқиға туралы сигналды арнайы жасақ қызметкерлері жолда өтіп бара жатқан азаматтан алған.
Полиция қызметкерлері қолында пышағы бар, суицид жасамақ болған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол күйзелген, ессіз күйде болып, өз әрекетінің себебін түсіндіре алмаған. Арнайы жасақ жауынгерлері ер адамды қарудан ажыратып, суицид әрекетінің алдын алды. Кейін оны психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырды.
"Біздің қызметкерлер мүмкіндігінше тез және ұқыпты әрекет етті. Ең бастысы — адам өмірін сақтау. Азаматтың қырағылығы және сарбаздардың жедел әрекетінің арқасында біз қайғылы жағдайдың алдын ала алдық", — деді Алматы қаласы Жедел әрекет ету арнайы жасағы командирі Азамат Исергужин.