Күдікті – анасы: Қарағанды облысындағы балалардың өліміне қатысты тың ақпарат шықты
Ең кішісі балалар үйіне жеткізілген.
Кісі өлтірді деп күдіктелген әйел 2019 жылға дейін психиспансерде есепте болған, деп хабарлайдыOimaqnews.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Гагарин ауылының әкімі Асқар Әміре осындай ақпарат келтірді.
«Ол алкогольді асыра пайдаланбады. Күдіктінің небәрі 3 баласы бар, олардың ең кішісі бір жасқа да толмаған. Үш баланың әкесі үш түрлі адам. Ал қазір тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі бұл балалардың әкесі емес. Бүлдіршіндердің өлгенін полицияға сол кісі хабарласып айтқан», - дейді ол.
Ең кішісі балалар үйіне жеткізілген.
«Бұқар Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді ведомстводағылар.
Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.