Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккендерге бизнес өкілдері көмек қолын созуда

Біз миллиондаған отандастарымызбен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге және мүлкін жоғалтқандарға шын жүректен жанашырлық танытамыз

Биылғы қарғын су соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналып отыр. Ауқымы жағынан күн сайын кеңейіп, бүкіл халық алаңдауда. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен тиісті органдарға қатаң тапсырма беріп, жағдайды бақылауында ұстап отыр.

Осыған орай, бизнес өкілдері де жұмылып, тасқын басталған күннен бастап, қолдан келгенше көмек қолын созуда. Зардап шеккен тұрғындарды қолдауға қайырымдылық көмек ретінде Жандос Әлиұлы Оразов, Қожасбай Ерлан Сәдуақасұлы бастаған кәсіп иелері мен серіктестері 100 млн. теңгені «Демеу Қазақстан қоры» Корпоративтік қорына аударуды бастады.