Қазақстанға мемлекеттік сапармен Түрікменстан Президенті келді
Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.