Қоғам

Айдос Сұлтанғали чемпион атанған соң өмірінде көп өзгерістер болғанын айтты

Чемпионның бұған дейін тұрақты баспанасы да болмаған.

Грек-рим күресінен араға 26 жыл салып, әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды Qaz365.kz тілшісіне спортшы чемпиондықтан кейінгі өміріндегі үлкен өзгерістер туралы  сұқбат берді. 

 Балуанның айтуынша, еңбектің өтеуі ретінде мемлекеттің қолдауы мен халықтың құрметі артып, оның отбасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылған.

Айдос жеңістен кейін өмірінде жаңа белестер басталғанын айтады.

Айдос Сұлтанғали бұл жеңіске дейін тұрақты баспанасы болмағанын да жасырмады.

Әлем чемпионы қазіргі кезеңде толыққанды жаттығу мен дайындыққа ден қойған. Айтуынша, бұрынғы тұрмыстық қиындықтар спортқа бөгеу болған кездер аз болмаған.

Олимпиада жолында әлем чемпионын тыңғылықты тәртіп пен жүйе күтіп тұр.

Спортшының Олимпиадаға лицензиясы әзірге жоқ. Бірақ ол 2027 жылғы лицензиялық әлем чемпионатына тас-түйін дайындалуда.

Айдос 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында да жүлде алуды мақсат етіп отыр.

Сонымен қатар чемпион жақын күндері Атырауда өтетін «Мұнайлы Астана кубогына» арнайы шақыртумен бара жатыр.

Тұрмыстық қиындықтарды жеңіп, дүниежүзілік аренада көк байрақты биікке көтерген Айдос Сұлтанғалиұлы қазір бар күшін Олимпиадаға бағыттап отыр. Оның табандылығы, еңбекқорлығы және отбасына деген жауапкершілігі жастарға үлгі боларлық.

Айта кетейік, жақында Айдос Сұлтанғали Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы атанған болатын. Ол 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын бір минутта Әлішер Ганиевті таза жеңген еді.

Бұл – Қазақстан үшін тарихи жеңіс, себебі, соңғы рет еліміз атынан жарысқан Бақтияр Байсейітов 26 жыл бұрын грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған еді.