Руханият

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісі өзін Мұқасан соққыға жыққанын айтты

Бұл туралы қоғам белсендісі әрі блогер Жан Ахмадиев жазды

Ән әлемінде танымал «Нұр-Мұқасан» тобының төңірегінде үлкен жанжал шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі әрі блогер Жан Ахмадиев жазды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ахмадиевтің айтуынша, топтың жаңа қатысушысы, әнші Ғалымжан өзін бұрынғы солист Мұқасан Шахзадаев және бірнеше адам жабылып соққыға жыққанын айтқан. Оның сөзінше, оқиға салдарынан Ғалымжан ауыр жарақат алған.

Ғалымжанның мұрны мен қолы сынғаны хабарланды.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Алайда Мұқасан Шахзадаевтан немесе «Нұр-Мұқасан» тобының өкілдерінен ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

Qaz365.kz редакциясы Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдап, жауап күтуде.