Бишімбаев айына қанша табыс тапқаны белгілі болды
Ресми тіркелген жерімнен айына 1 миллион теңге алдым
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соты жалғасып жатыр. Кешегі сот отырысында күдікті айына қанша табыс тапқанын айтты.
Күдіктінің адвокаттары Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеноваға ай сайын 4-5 млн теңгеден аударып отырғанын мәлімдеген болатын. Сот отырысында жәбірленуші тарап Қуандық Бишімбаевтан ай сайынғы табыс мөлшерін сұрады.
Бишімбаев "БАУ" мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін түсіндірді. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі екені белгілі болған.
"Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма? деген сауалға сотталушы: "Иә, барлық жерде осылай жазып жатыр", - деп жауап берді.