Маңғыстауда ер азамат полиция бөлімшесінің алдында өзін өртемек болған
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 33 жастағы азамат аудандық полиция бөлімшесінің бақылау-өткізу пункті маңында өзін өртемек болған. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің сөзінше, ер адам бұл әрекетке жолда алған әкімшілік айыппұлға наразылық ретінде барған. Ол Атырау бағытындағы тас жолда ереже бұзғаны үшін айыппұл алып, кейін Бейнеу аудандық полиция бөлімшесіне келіп, үстіне бензин құйып, от қоюға тырысқан.
Алайда тәртіп сақшылары дер кезінде араласып, өзін-өзі өртеу әрекетінің алдын алған. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің қарауына берілді.