Солтүстік Қазақстанда әйел астық қоймасында қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында орналасқан элеваторлардың бірінде қайғылы оқиға болды. 1991 жылы туған әйел шамамен 30 метр биіктіктегі астық қоймасына құлап кеткен. Қатты ағынмен құйылып жатқан астық оны басып қалды.
Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Бірақ мамандар астықтың астынан іздеп тапқанда әйел көз жұмғаны анықталды.