Қоғам

Су тасқыны қаупі бар аймақтан 400 адамды пойызбен шығарды

Жолаушылардың арасында 99 бала бар.

Атырау облысының су тасқыны қаупі бар аймағынан 400-ге жуық адам жолаушылар пойызы арқылы шығарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін  «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау облысының 400-ге жуық тұрғынын су тасқыны қаупі бар аймақтан жолаушылар пойызымен шығарды. Жолаушылардың арасында 99 бала бар.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Құлсары-Доссор учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы толығымен тоқтатылған болатын. Осыған байланысты ұлттық тасымалдаушы өңір тұрғындарын эвакуациялау үшін жолаушылар пойызын жіберу туралы шешім қабылдады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ халықты тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Құлсары станциясынан Атырауға дейін жолаушылар пойызы тағайындалды. Жолаушыларға жол жүру құны – тегін.