"Естімеген елде көп".Белгісіз біреулер Бишімбаевтың ісін жүргізген прокурордың атынан жалған аккаунт ашып, жазылушы жинаған.
Бас прокуратура экс-министр Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың атынан Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақша ашылып, ондағы жазылушы саны 20 мыңнан асқаны жөнінде ақпарат таратқанын жазды.
Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.
Сондай-ақ, парақшада былай деп жазылған:
«Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!»
Прокуратура болса, бұл парақшаның Аймағановаға қатысы жоғын айтады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.