Әлеумет

Жамбыл облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіге сот үкімі шықты

Бұл ҚК-нің 11-бабына сәйкес осы баптың санаты абайсызда жасалған ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққа, мас күйінде жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша С.-қа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың маусым айында С. мас күйінде «Toyota Camry 55» маркалы автокөлігін басқара отырып, Жамбыл ауданындағы Шөлдала-Тараз автожолында ЖҚЕ бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Toyota Camry 55» автокөлігінің жолаушысы Ф. оқиға орнында, ал оның әріптесі Е. аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Бұл ҚК-нің 11-бабына сәйкес осы баптың санаты абайсызда жасалған ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

Сот жүргізушіні ҚК 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығына өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.