жексенбі, 16 қараша, 2025 13:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Екібастұзда мас адам өзін өртеп жіберген

Екібастұзда мас адам өзін өртеп жіберген
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зардап шегушінің жағдайы ауыр.

Екібастұзда түн ішінде темекі тартуға шыққан ер азамат кездейсоқ өз киімін өртеп, ауыр күйік алған. Оқиға туралы ақпаратты Павлодар облысының ТЖД растады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жағдай 14 қарашаға қараған түні Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.

Ер адам мас күйінде сыртқа темекі тартуға шыққан. Ал оның сырт киімінің қалтасында спирт толы ыдыс жатқан, ал сұйықтықтың бір бөлігі киіміне төгіліп кеткен.

«Ер адам темекісін тістеп тұрып еңкейген кезде киімі от алып, лап ете түскен. Ол тез арада үстіндегі өртенген киімді шешіп үлгерген. Көршілері өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД.

Мамандардың айтуынша, зардап шегушінің жағдайы ауыр.

Медицина қызметкерлері ер адамнан көк төс аймағының күйігін, иық пен сан бөліктерінің күйігін, жалпы 20% дене күйігін, белгісіз затпен улану белгілерін анықтаған.

Қазіргі таңда ол ауруханада қажетті ем алып жатыр.

Мамандар тұрғындарға темекіні жанғыш заттардан алыста тұрып тартуға және алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда аса сақ болуға кеңес береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар