Саясат

Мемлекет басшысын Өзбекстанның "Жоғары дәрежелі достық" орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті.

Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Өзбекстан президенті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мен елдің халықаралық аренадағы табыстары Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен тікелей байланысты екеніне тоқталды.