Арман Дүйсеновтің жары Президентке үндеу жолдап, әділдік сұрады
Бұл туралы мәлімдемені «TalkLike» бағдарламасында жасады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы Алматы қаласы сотының шешіміне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық арыз жолдап, әділдік сұрады. Бұл туралы мәлімдемені «TalkLike» бағдарламасында жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Айсұлу Айданқызының айтуынша, 2024 жылдың 7 қазанында 21 жастағы ұлы Абылай Дүйсен отбасылық пәтерде екі қолы артына байланған күйі, мойнынан сүйеп байлап кеткен жағдайда табылған.
Анасының айтуынша, тергеу барысында Абылайдың өліміне байланысты бірнеше материал тіркелгенімен, іс толық ашылмаған.
2025 жылдың 24 қазанында Бостандық аудандық соты Айсұлу Айданқызы мен оның 13 жастағы баласы, сондай-ақ 83 жастағы әкесін тұрып жатқан пәтерден шығаруға қаулы шығарған.
Айтуынша, пәтерге таласып отырған азамат Мұқаш Санжар тергеу кезінде бұл пәтерді сатып алмағанын, тек Абылайға қарыз ақша беріп, пәтерді кепіл ретінде алғанын мойындаған.
Бұл факт 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі тергеу сотының қаулыларында көрсетілген.
Ол Президенттен істің әділ қаралуына ықпал етуді сұрап отыр:
Сондай-ақ Айсұлу Айданқызы күйеуінің өмірден өткен күні болған оқиғаларды да толық сипаттады.
Оның сөзінше, сол күні Калелхан Иманмәди телефон шалып, Арманның жағдайы нашар екенін айтып, зауытқа тез келуді сұраған.
«Зауытқа жеткенде жедел-жәрдем тұр екен. Ұлыммен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Арманның бетін жауып қойған. «Не болды?»” дегенімде, жүрегі тоқтап қалды деді. Арман ешқандай жертөледе қайтыс болмаған. Бұл – тіркелген дерек», – дейді ол.
Сондай-ақ ол зауыт аумағында студия болмағанын алға тартты: