Асхат Тағыберген "Тобылға" ауысуға не себеп болғанын айтты
Ол қазір қостанайлық "Тобыл" клубының капитаны.
Қостанайлық «Тобыл» клубының капитаны, жазда ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыберген онда ауысуға не түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Түркияда ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиынында жүрген едім. Айтпайын десем де, шығып кетеді. Әкімнің сынынан кейін клуб іздей бастадым. Өйткені ол жақта қала алмадым. Намыс қой бәрібір. Ақша, анау-мынау дегенмен, әркімнің өз бағасы бар ғой. Содан кейін басқа жаққа кеткенім дұрыс болар деп ойладым. Ол шешімді қабылдағаныма, «Тобылға» барғаныма» өкінбеймін. «Тобыл» мені өз үйімдегідей күтіп алды. Себебі мен 2021-22 жылдары сонда ойнадым. Чемпион болдық, үшінші орын алдық. Суперкубокті екі рет ұтып алдық», – дейді ойыншы Sport Pulse каналына берген сұхбатында.