Кикілжің салдарынан 9 сыныптың оқушысы қаза тапқан
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Түркістанда 15 жастағы оқушы өлгенше соққыға жығылған. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды ұстады және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, оқиға 3 қарашада Түркістандадағы мектептердің бірінде болған. Кикілжіңнің салдарынан 9 сынып оқушысы қаза тапқан. Қазір оқушының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алайда марқұмның ағайын-туысы 15 жастағы жасөспірімді зиратқа алдап шақырған және бірнеше ай бойы ақша талап етіп, қорқытқан деседі.