сейсенбі, 11 қараша, 2025 17:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарын қабылдаймыз" – Берік Асылов

"Әскерде қаза тапқан сарбаздардың  аналарын  қабылдаймыз" – Берік Асылов
әлеуметтік желіден
Аталған жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де қатысады.

Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарының өтініштерін қабылдау басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның жетекшілігімен қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналары қабылданады. Олардың әрбір айтқан уәжі назардан тыс қалмайды», – деп жазды Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар әскер қатарында қаза табу мен жарақаттану жағдайларын болдырмау шараларына, шақыру науқанының заңдылығына және медициналық тексерулердің дұрыстығына баға берілетіні атап өтілді.

Аталған жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де қатысады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар