Абай облысында сапалы ауызсумен қамту үшін 33 жоба іске асырылып жатыр
Бүгін Абай облысы әкімі Берік Уәли ОКҚ брифинг берді.
Абай облысының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту үшін 33 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Оның айтуынша, Абай облысына биыл барлық қаржыландыру көзі есебінен 16,7 млрд теңге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік қор есебінен 10,1 млрд теңге бөлінді.
– Аталған қаражатқа жыл соңына дейін 33 жоба жүзеге асырылып, ауызсумен 38 мың адам қамтылады. Нәтижесінде, облыстың сумен қамту мәселесі толық шешімін табады. Оған қоса, су желілерінің тозуын азайту мақсатында биыл 4 жоба аяқталып, тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендетіледі. Келесі жылы 24 су желілерін қайта құру жобаларын іске асыру жоспарланып отыр», – деді Абай облысының әкімі Берік Уәли.