сейсенбі, 11 қараша, 2025 12:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметіне тағайындалды.

Президенттің экс-кеңесшісі – Мемлекет басшысының халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметіне тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтаған, 2014 жылы халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. 2016 жылдан бастап Жапониядағы Ұлттық саясат зерттеулері институтында (GRIPS) PhD докторантура бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.

2014–2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері.

2015–2017 жылдары – Бангкоктағы (Тайланд) БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ЭСКАТО) қоршаған орта және даму, энергетика, макроэкономикалық саясат және даму қаржыландыруы бөлімдерінде жұмыс істеді.

2019 жылы – БҰҰ Даму бағдарламасында Түрікменстан мен Қазақстан бойынша, сондай-ақ ЭСКАТО-ның қоршаған орта және даму бөлімінде қызмет атқарды.

2020–2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары.

2021–2022 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2023 жылғы 4 қаңтарда Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Сүлейменова Президент кеңесшісі – Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.

2025 жылғы 25 қыркүйекте Президент Сүлейменованы бұл қызметтен босатты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар