Қоғам

Нүкенованың басында 12-13 жарақат болған – адвокат

Бұл өлімге тікелей себеп болды

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сотта жәбірленуші тараптың адвокаттары марқұмның басында 12-13 жарақат бар екенін айтты.

Марқұмның денесіне жасалған сараптама Нүкенованың өлімі оң жақ фронтемпоральды париетальды оксипитальды аймақта жедел субдуральды гематомамен бірге жүретін жабық ми жарақаты салдарынан болғанын көрсетті.

«Алынған жарақаттар орталық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуына, кейін тоқтауына, жүрек қызметі мен тыныс алудың тоқтауына әкелді. Бұл  өлімге тікелей себеп болды», - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Ж.Оразбақова.

Қуандық Бишімбаев ол соққылардың  Салтанат Нүкенова унитаз бен еденге құлаған кезде пайда болғанын айтады.