Спорт

Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босады

Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.

2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.