Әлеумет

"Зардап шеккендер жоқ": балалар қауіпсіз орынға орналастырылды

Қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

Алматы әкімдігі Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан «Перзент» жеке қайырымдылық балалар үйі аумағында орын алған өртке қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшіліктің дерегінше, барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт ошағы оқшауланған. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде.