СҚО-да бір тәулікте автомобиль жолдарының 30 учаскесін су шайып кетті
Уәлиханов ауданының Қаратал, Береке ауылдарына жол жоқ.
Тағы екі учаскені тасқын суды өткізу үшін қолдан бұзуға тура келді.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, су басқан жолдардың жиырмасында ғана қазіргі кезде көлік жүріп жатыр. Оның алтауы облыстық, қалғаны аудандық маңыздағы жолдар.
Қазіргі уақытта Уәлиханов ауданының Қаратал, Береке ауылдарына жол жоқ.
Тайынша ауданындағы облыстық маңызы бар «Тайынша-Келлеровка» автожолын бұзып, судың өтуіне жағдай жасалды. Келлеровка мен Тайынша қаласының ара қашықтығы – 35 км. Балама жол бар, ол Алексеевка елді мекені арқылы өтеді, ара қашықтық – 87 км.