Әлем

Дональд Трампқа Қазақстанға қатысты бірқатар сұрақ қойылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Орталық Азия – АҚШ" саммиті кезінде журналистер Дональд Трампқа Қазақстанмен ынтымақтастыққа қатысты бірқатар сұрақ қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма? – деген сұрақ қойылды.