Түркістанда 14 адам астан уланды
Олар суши, пицца және чикенді тапсырыспен алдырған.
Түркістанда жарты жыл бұрын жабылып қалған дәмхананың фастфудынан 14 адам уланып қалды.
Биыл наурыз айында да дәл осы орталықтан тамақ алып жегендер уланып, 68 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Ол кезде мекеме жабылғанымен, кәсіпкер жұмысын жасырын жалғастыра берген. Бір жылда екінші мәрте қайталанған соң тамақтану орны толық жабылып, полиция ҚР ҚК "Санитария ережелері немесе гигиена нормативтерін бұзу" бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде осындай жаппай уланудан 200-ден астам адам зардап шекті.