жұма, 31 қазан, 2025 16:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкенттік келіншек қылмысқа несиесін жабу үшін барғанын айтты

Шымкенттік келіншек қылмысқа несиесін жабу үшін барғанын айтты
фото: ашық дереккөз
Полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

  Есірткі тасығаны үшін сотталған 23 жастағы шымкенттік келіншек қылмысқа несиені жабу үшін барғанын айтты, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Аikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Instagram парақшасы  "Таза парақтан басталған өмір: сотталғанның арманы" атты айдар жүргізіп, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлердің өкінішін жариялап отыр.

 Айтуынша, ол Telegram желісінен жеңіл табыс туралы жарнаманы көріп, салдарын түсінбестен келіскен. Сондағы мақсаты несиелерін жауып алу еді. Содан кейін бұл іспен айналыспаймын деп ойлаған. Алайда әр іс үшін жауап беру қажет.

Полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекетінің жолын кесті. Салдарынан келіншек ҚР ҚК 297 бабының 3 бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 "Қазір ол істеген ісінің ауырлығын түсініп, істеген ісі үшін өкініп отыр. Жазасын өтеу барысында бостандықтың, отбасының қадірін түсініп, әсіресе кішкентай балаларын сағынған. Сотталғанның айтуынша, түрме – ешкімнің түспеуі тиіс жер. Ол бостандыққа шыққан соң өмірін таза парақтан бастап, адал және заңды жолмен өмір сүретінін айтты" - деп жазылған парақшады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар