«БЖЗҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ-дан деректердің тарап кетуі туралы пайда болған ақпаратқа байланысты жүргізген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруі барысында Қор тарапынан бұзушылықтардың анықталмағандығын хабарлайды, - деп жазылған ресми хабарламада.
Бұған дейін қазақстандықтардың жеке деректері қолды болғаннан кейін Цифрлық даму министрлігі БЖЗҚ, Air Astana, «Қазақтелеком» компаниялары тексерілген еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.