Қайрат Нұртастың әйелі елден кететінін мәлімдеді
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова елден кететінін айтты.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын бөлісті.
"Білесіздер ме, бүгінгі күн неге ерекше?! Себебі мен көптен бері ойлап жүрген елге есік ашатын визаны алдым", – деп жазды ол.
Актрисаның оқырмандары АҚШ визасын алған шығар деп болжаған еді. Алайда кино жұлдызы Америкаға бармайтынын айтты.
"Негізі, сөз АҚШ-қа арналған 10 жылдық виза туралы. Бірақ мені ол жаққа кім апарады? Бұл жақын жер емес, мұхиттан асып, асқа құрлықта жалғыз қалай жүрмекпін?" – деп жазды Әбдукәрімова. Кейін ол өзінің Күншығыс елі Жапонияға кететінін айтты.