Алматылық жөспірімдер түнгі клубта ішімдік ішіп, жанжал шығарды
Әлеуметтік желіде олардың мас күйінде Хэллоуин мерекесін атап өткен бейнежазбасы тараған.
Бұл дерек бойынша хабарлама түскен соң, оқиға орнына учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері барған.
Бейнежазбадан жасөспірімдер мен олардың ата-аналары және полиция қызметкерлері арасында жанжал шыққанын байқау қиын емес.
– 6 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша олардың екеуінің алкогольдік ішімдік ішкені және мас болғаны белгілі болды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ал жасөспірімдердің өзі профилактикалық есепке алынды, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Сонымен қатар, полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көңіл көтеру орнына оп-оңай кіруіне жол берген мекеме иесіне әкімшілік шара қолданатынын мәлім етті.
– Бұл ойын-сауық орнының қызметін тоқтату және жабу туралы ұсыным сотқа жолданды, – делінген хабарламада.