Шымкентте бір жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған
Бүгінде бүлдіршін анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.
Шымкентте бір жасар бүлдіршін 4 сантиметрлік шеге жұтып, ауруханаға түсті. Абырой болғанда, баланың тыныс ала алмай жатқанын анасы байқап, дер кезінде көмек шақырып үлгерген.
Дәрігерлер дереу тексеріс жүргізіп, оның көмейінен темір шегені алып шыққан. Дегенмен кішкентай науқастың жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне жатқызылды.