Әлем

NATO-ның құрылғанына 75 жыл толды

4 сәуірде NATO ұйымының құрылғанына 75 жыл толды. 1949 жылы 12 мемлекет бірлесіп құрған ұйымға жуырда Швеция қосылып, мүше саны 32 ге жетті.

«Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы»- North Atlantic Treaty Organization (NATO)  әу баста Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО тарапынан төнуі мүмкін экспансияға қарсы күш біріктіру мақсатында  құрылған болатын.  Ұйымға  сол кезде АҚШ, ҰЛыбритания, Бельгия, Канада, Дания, Франция, Исландия,  Италия,  Люксембург, Нидерланды, Норвегия және  Португалия  мүше болып керіген еді. Ұйымды құрудың алғышарттары 1948 жылы пайда болды. Сол жылдың наурызында Бельгия, Ұлыбритания, Люксембург, Нидерланды және Франция арасында  Брюссель пакті жасалды. Бұл құжат NATO-ның алғшыраты саналады. 

Солтүстік  Атлантикалық келісім ұжымдық қауіпсізідк  жүйесін қалыптастырды.  Келісімге қол қойған барлық мемлекеттер ұйымға мүше  кез келген елге шабуыл жасала қалса, оны  ұжым  болып қорғауға тиіс. Ұйым қызметінің  өзегі саналатын келісім 1949 жылдың 24 тамызында  толық күшіне енді. Сол күні  ұйымға мүше 12 мемлекеттің барлығы келісімді ратификациялауды аяқтады.

Кейін ұйым бірнеше мәрте кеңейді.  Алдымен, 1952 жылы NATO-ға Түркия мен Грекиц  мүше болып кірді. 1955 жылы Германия Федеративті Республикасы (Батыс Германия) қосылды.  Ал КСРО 1954 жылдың 31 наурызында  NATO-ға кіруге ресми  ұсыныс жолдапты. Бірақ ұйым КСРО-ның өтінішін қабылдамаған.  Ал 1982 жылы  ұйымға Испания қосылды. 1999 жылы Венгрия, Чехия, мен Польша ұйымға мүше болып кірді. 2004 жылы Болгария, Латвия, Литва, Румыния,  Словакия,  Словения мен  Эстония ұйым мүшелерінің қатарын толықтырса, 2009 жылы  Хорватия мен Албания солтүстік атлантикалық клубқа қосылды. 2017 жылы  НАТО-ға Черногория,  2020 жылы Солтүстік Македония, 2023 жылы Финляндия, 2024 жылдың 7 наурызында Швеция  мүше болды.  Осылайша ұйым мүшелерінің саны 32-ге жетті.

Бір қызығы  ұйымнан шығып, қайта қосылған мемлекеттер де бар. Атап айтқанда, Грекия 1971 жылы  ұйым құрамынан шығып кетті де, 1981 жылы қайта қосылды.  Ал Франция 1966 жылы НАТО-ның  әскери бағытынан бас тартып,  тек саяси құрылымдарда ғана қалды. Мұны Шарль де Голдің  өз елін АҚШ  ықпалынан  құтқару бағытындағы қадамы ретінде бағалау басым. Өйткені Париж  ұйымда  Франция  позициясының ескерілгенін  талап еткен деседі. Бірақ АҚШ пен Ұлыбритания оған келіспесе керек. Сол себепті де Голь кезінде Франция ұйымнан шықты.  Ал бұл қадамның нәтижесінде  ұйымның штаб-пәтері Парижден Бюрсселге  көшіріліп, француз жеріндегі  барлық АҚШ әскери базалары жабылды. Дегенмен  Франция  жалпы алғанда НАТО  мүшесі боылп саналды, тек 2009 жылы ұйымның барлық  құрылымдарына қайта қосылды.  Оған дейін 1999 жылы НАТО-ның  Югославияға қарсы әскери операциясына қатысқан болатын.

Қазіргі таңда ұйым болашағының қалай болатыны белгісіз. Сарапшылар  ұйымның күн тәртібінде   үш мәселе тұрғанын айтады. Олардың біреуін ұзақ мерізімді стратегиялық мәселе деп қарастырсақ, қалған екеуі  қатардағы қадамдарға ұқсайды. Бірінші мәселе- Украинаның Ресейге қарсы  соғысында Киевті қолдау және Мәскеудің жеңіп шығуына жол бермеу.  Ал екіншіден қазіргі бас хатшы Йенс Столтенбергтің орнына  келетін ізбасарды таңдау мәселесі тұр. Сонымен қатар,  АҚШ-тағы сайлауда Дональд Трамп  жеңе қалса ұйым тағдыры  қалай болатыны да алаңдататын тәрізді.